20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекITF 18 жасқа дейінгі спортшылар арасында әлемдік рейтингті жария етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҰОК мәліметінше, Қазақстанның жас жұлдызы, 16 жастағы Әмір Омарханов 15-орынға көтерілді.
Осылайша, Әмір өзінің үздік көрсеткішіне (2024 жылғы ақпан, №12) жақындап келеді.
Қазір Астанада ересектер арасындағы челленджер турнирінде өнер көрсетіп жатқан Омарханов алдағы аптада 4 ұпаймен алғаш рет ATP рейтингісіне де кіреді.
Сондай-ақ, жасөспірімдер арасындағы ТОП-50-ге Соня Жиенбаева (№21) мен Асылжан Арыстанбекова (№38) енді. Даниал Рахматуллаев – 58, Заңғар Нұрланұлы – 163, Айя Нұпбай – 120, Полина Слепцова 229-сатыда тұр.
Азия теннис федерациясының (ATF) жаңартылған рейтингісінде 16 жасқа дейінгілер арасында Заңғар Нұрланұлы бұрынғыша 1-орында.
14 жасқа дейінгілер арасында Tennis Europe ТОП-100-де Қазақстанның төрт теннисшісі бар: Роберт Каминский 61-де, Ахмади Маханов 63-те қалса, Родион Трайгель 69-сатыға жоғарылады. Қыздар арасында Линара Бөлешева 84-орында келеді.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?