Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекМәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев Әлихан Смайыловтың кандидатурасы жөніндегі пікірімен бөлісті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Бұл туралы ол Парламент кулуарында айтты.
"Бүгін таңертеннен бастап біздің фракцияның отырысы өтті. Фракцияда өте қызу талқылау болды. үкіметтің жұмысын жан-жақты сараладық. Кешеде өзіміздің тарапымыздан аналитика жасадық. Иә, олқы тұстары бар. Келіспейтін тұстары бар. Инфляция, геосяси жағдайлардағы мәселелерге байланысты тұралап тұрған тұстарынан барлығымыз куәгерміз. Екі айдан астам уақыт сайлау алды науқан кезінде барлық ауылдарды аралаған кезде азаматтардың әл-ауқатын көтеру, жалақы мәселесі, жұмыссыздықпен күрес, сондай-ақ әлеуметтік көмектерді уақытында беру, зейнет жасы, инфрақұрылымның дамуы деген дүниелердің барлығын көтерді" деді Мәжіліс депутаты.
Оның айтуынша, Әлихан Смайылов бір жылдың ішінде жоғарыда айтылған дүниелердің барлығымен танысқан.
"Олқы тұстары бар. Дегенмен біздің фракцияның шешімі бойынша қазіргі таңда Премьер-минимтрлікке сай келетін Әлихан Смайылов деген шешімді қабылдадық", деді Елнұр Бейсенбаев.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?