20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекПарижде бүгін басталған Гранд Слэм турнирінде Қазақстан дзюдошысы Аман Бақытжан қола жүлдеге ие болды. Ол үшінші орын үшін белдесуде Куба балуаны Жонатан Шаронды жеңіп, жыл басындағы маңызды жарыста медаль алып отыр.
Отандық татами шебері 60 келіде сынға түсіп, Гранд Слэм бәсекесінде 5 белдесу өткізді. Алғашқы айналымды бос өткізген Аман Франция, Бразилия, Словения балуандарын жеңді. Ал жартылай финалда Украина өкілі Дилшод Халматовпен кездесіп, қосымша уақытта жол берді.
Сондай-ақ, 60 келіде күрескен қазақстандық Шерзод Давлатов, 66 келіде Ғұсман Қырғызбаев, Бауыржан Нарбаев алғашқы айналымда сүрінді. Ал 73 келіде Есет Қуанов ширек финалға дейін жетіп, жұбаныш белдесуінде тәжік спортшысына вазари ұпайымен жол берді. Аталған салмақтағы тағы бір отандық спортшы Дастан Шаяхметов 1/8 финалға дейін жете алды.
Дзюдодан 7-8 ақпан күндері аралығында Парижде өтіп жатқан Гранд Слэм бәсекесіне 81 мемлекеттің ұлттық құрамасы қатысуда. Аталған бәсекеде ерлерден 7 салмақ дәрежесі бойынша 322 балуан белдессе, әйелдерден 197 балуан Париж татамиінде күш сынасады.
Оның ішінде 60 келіде - 41, 66 кг - 51, 73 кг - 54, 81 кг - 53, 90 кг - 46, -100 кг - 44, +100 келіде 34 балуан өзара мықтыны анықтамақ. Әйелдер санатында 48 келіде - 24, 52 кг - 32, 57 кг - 25, 63 кг - 23, 70 кг - 37, -78 кг - 31 балуан белдессе, +78 келіде 25 балуан татамиге шығады деп күтіліп отыр.
Айта кететін жайт, Әзірбайжан құрамасынан Олимпиада чемпиондары Хейдаят Гейдаров (73 кг) пен Зелим Коцоев (-100 кг) турнирге қатысады деп айтылғанымен, жарыс таяғанда олардың бұл сыннан тыс қалатыны белгілі болды. Қазақстан ұлттық құрамасы сапынан Абиба Әбужақынова бұл сынға қатысатындардың тізіміне енбей қалды. Сондай-ақ, Олимпиада жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев Париж турнирінде үздіктер қатарына еніп отыр. Бұдан бөлек, Жапония құрамасында Олимпиада чемпиондарды жарысқа қатыспайды.
Өткен жылы өткен аталған турнирге Қазақстан құрамасы қатысқан жоқ. Ал 2024 жылы өткен сында қазақстандық Шархан Нұрлыхан -100 келіде қола жүлдеге ие болған еді.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?