22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыМоңғолия астанасы Ұланбатыр қаласында өтіп жатқан Азия чемпионаты аяқталуға жақын. Турнирдің шешуші кезеңіне санаулы күндер қалғанда финалистер толық анықталды. Қазақстан құрамасы бұл сында жоғары нәтиже көрсетіп, бірден 8 боксшымыз финалға шықты.
Ерлер арасындағы жартылай финалдарда отандық боксшылар рингті толық бақылауына алды. Бірінен соң бірі сенімді жеңіске жетіп, алтынға таласатындар қатарын толықтырды. Ал әйелдер құрамасы бұл міндетті кеше-ақ орындап қойған еді. Осылайша, Қазақстан құрамасы турнир фавориттерінің біріне айналды.
Күннің ең тартысты жекпе-жегі 60 келіде өтті. Оразбек Асылқұлов өзбекстандық қарсыласымен соңына дейін тең айқас өткізіп, шешуші сәтте мінез көрсетті. Таразы басын өзіне аударған ол 3:2 есебімен жеңісті жұлып алды.
Ал 70 келіде Төрехан Сабырхан қарсыласын ұзақ әуре қылған жоқ. Қытайлық боксшыны қарқынымен басып, жекпе-жекті техникалық нокаутпен аяқтады.
75 келіде Сабыржан Аққалықов рингте толық үстемдік орнатты. Моңғолиялық қарсыласына еш мүмкіндік қалдырмай, 5:0 есебімен таза жеңіске жетті. 85 келіде Нұрбек Оралбай да сенімді өнер көрсетіп, қарсыласын 5:0 есебімен жеңді. Ал аса ауыр салмақта Айбек Оралбай да дәл осындай нәтижемен финалға өтті.
Айта кету керек, әйелдер құрамасы финал жолдамасын кеше-ақ қамтамасыз еткен болатын. 70 келіде Бақыт Сейдіш, 80 келіде Надежда Рябец және аса ауыр салмақта Дина Исламбекова өз жекпе-жектерін сәтті өткізіп, финалға шықты. Осылайша, Қазақстан құрамасы финалистер саны бойынша турнирдің басты фавориттерінің біріне айналды. Енді негізгі айқастар 9–10 сәуір күндері өтеді. Бұл кездесулерде қазақстандық боксшылар чемпиондық атақ үшін жұдырықтасады.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев