15 Шілде, 12:09
Зендеяны стиль иконасына айналдырған адам: Лоу Роуч туралы не білеміз?Өңірлік прокуратураның қаулысы негізінде Алматы облысы бойынша монополияға қарсы Департамент мамандары 2022 жылғы наурызда "Altyn Orda QazTrade LTD" ЖШС қызметін тексеруге қатысту барысында "Altyn Orda QazTrade LTD" ЖШС бұйрығына сәйкес, сауда орнын күнделікті жалға алу бағасы жүк көлігінен 15 000 теңге, КАМАЗ және MAN автокөліктерінен - 7000-8000 теңге, Sprinter автокөлігінен - 6000-7000 теңге, ГАЗель автокөлігінен - 5000 теңге, жеңіл автокөліктерден -3500 теңге алатыны анықталды.
Алматы облысы бойынша монополияға қарсы Департамент наурыз айында өңірдің географиялық шекарасы бойынша көтерме-әмбебап нарықтарда көтерме сату үшін сауда орындарын ұсыну қызметтері нарығындағы бәсекелес ортаның жай-күйіне талдау және бағалау жүргізді. Талдау нәтижесінде "Altyn Orda QazTrade Ltd" ЖШС 100% үлесімен монополиялық жағдайға ие екені анықталды.
Осы нарықтың маңыздылығын және сауда орындарына бағаның жоғары болуы азық-түлік өнімдеріне, оның ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның өсуіне әкеліп соқтыратынын ескере отырып, сауда нарығының әрекеттерінде монополиялық жоғары бағаны белгілеуге және ұстап тұруға бағытталған үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалану бөлігінде Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу фактілері анықталды.
Тексеру қорытындысы бойынша 2022 жылдың мамыр айында "Altyn Orda QazTrade LTD" ЖШС-не қатысты әкімшілік іс қозғалды.
Материалдар Алматы облысы Қарасай әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданды.
15 Шілде, 12:09
Зендеяны стиль иконасына айналдырған адам: Лоу Роуч туралы не білеміз?14 Шілде, 17:41
ӘЧ-2026: қай құрама финалға жолдама алады?7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд