30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыНұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов «Алтын белгі» иегерлерін мектепті аяқтауымен құттықтады. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды El.kz сайты қала әкімдігінің ресми сайтынасілтеме жасап.
– Түлектерді, «Алтын белгі» иегерлерін мектеп бітіруімен құттықтадым. Биыл 348 оқушы «Алтын белгі» иегері атанды. Тағы 450 түлек мектепті үздік тәмамдады. Биылғы оқу жылында республикалық олимпиадалар мен конкурстарда оқушыларымыз 100-ден астам алтын, сол сияқты 100-ден аса күміс пен 157 қола медаль жеңіп алды. Халықаралық олимпиадалар мен конкурстарда тағы 89 медальға ие болды. Елорданың құрама командасы 15 жыл қатарынан жалпыкомандалық есепте 1-орын алып, «Үздік олимпиадалық команда» атағын иеленіп келеді. Мұның бәрі – педагогтардың, оқушылар мен олардың ата-аналарының еңбегі! Оқушылар өз білімімен, еңбегімен және білімге деген құлшынысымен алға қойған мақсаттарына жете алатынын көрсетті. Кеше ғана мектеп табалдырығында білім алып жүрген оқушылар үшін жаңа кезең басталды. Олардың алдында өмірдің үлкен бір шағы бастау алды. Әрқайсысы болашақ мамандығын анықтады. Енді олар біртіндеп өз мақсатына қарай қадам басады. Ұстаздар қауымы өміріне жетерлік білім берді. Ең бастысы – өзіңе және бойыңдағы күшіңе сену керек! Оқушылар күнделікті еңбегі мен білімі арқылы үлкен биіктерді бағындырады. Мемлекет өз тарапынан сапалы және қолайлы білім алу үшін тиісті жағдайды ары қарай да жасай береді. Түлектерді мектеп бітіруімен тағы да құттықтаймын! Идеяларыңыздың жүзеге асуын тілеймін!, – деп жазды елорда әкімі.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды