1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін бердіАлматыда Әуезов ауданының Мамыр-1 шағын ауданында жаңа комьюнити орталық ашылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл жер жастар бас қосатын ортаға айналады деп жоспарланған. Ауданда 14-35 жас аралығындағы 102 мың адам тұрады. Ал оның 7,8%-ы – NEET санатындағы жастар.
Әкімдіктің хабарлауынша, комьюнити орталықта білім беру және мәдени іс-шаралар өтеді. Жастар білікті психологиялық және заң көмегін алып, жұмысқа орналасу үшін көмек сұрай алады. Онда резиденттер үшін барлық қызмет тегін.
Бізге кері байланыс қажет: барлық білім беру және біліктілікті арттыру курсы, жастар бағдарламасын қазіргі заманға бейімдеу керек десеңіздер, қайта қарастыруға дайынбыз. Мемлекет басшысы өз сұхбатында айтқандай, жастарға ерекше көңіл бөледі. Алдағы 2-3 онжылдық жастардың қолында, - деді қала әкімі Ерболат Досаев.
1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?1 Қазан, 09:45
Алтынға апарар жол: Азиададағы боксшылардың нәтижесіне көңіл тола ма?