28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарДепутат Бақытжан Базарбек жерге қатысты мәселені көтеріп, Алматы қаласының 3 гектар жері қырқылып жатқанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Алматы қаласының Горный Гигант деген жерінде қазір 3 гектар алма бағы кесіліп жатыр. Өкінішке қарай, 15 жылда Храпунов, Тасмағамбетов, Есімов, Сағынтаев және Байбектің заңсыз қаулыларының нәтижесінде біз 70 пайыз алма бағынан айырылдық. Инспекторлар тексеріс жүргізгенде сол ескі Назарбаевтың жүйесінде оның әулеті мен олигархтар инспекторға қысым жасады. Қазір сол алма бақты қайтара алмай жатырмыз. Осы уақытқа дейін қанша алмақ бақ мемлекет меншігіне қайтарылды? – деді депутат.
Депутат сөзінше, «Жер аманаты» комиссиясының нәтижесінде бір Сағынтаевтің заңсыз қаулысын бұзған. Бірақ мұндай мыңдаған қаулы осы уақытқа дейін қабылданып келген.
Аталған сұраққа ауыл шаруашылығы министрі өткен жылы 5,2 миллион жер қайтарылғанын айтты. Оның ішінде қанша жер алма бағы екенін нақты айта алмайтынын және жазбаша түрде жауап беретінін алға тартты.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?