Кеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс2023 жылдың 31 желтоқсанынан 2024 жылдың 1 қаңтарына дейін Алматыдағы Абай алаңында алғаш рет Poetry Date Халықаралық жаңа жылдық поэзиялық акциясының түсірілімі өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Трансляция Алматы уақыты бойынша сағат 14:00-де басталады және Қытайдың CGTN ірі жаһандық телевизиялық желісінің медиа платформасында тікелей эфирде көрсетілетін болады. Әлемнің 7 қаласы ғана жаңа жылдық телемарафонға қатыса алады. Алматыдан басқа биыл Париж, Сидней, Каир, Мехико, Сиань және Чанши эфирге қосылады.
Трансляция медиа платформада 24 сағат ішінде өтеді. Акцияға кез келген адам қатыса алады, ол үшін өлеңді қазақ немесе орыс тілінде оқу жеткілікті.
Poetry Date жаңа жылдық бейнебаянына қазақ эстрадасының жұлдыздары, танымал әртістер мен ақындар қатысады. Жаңа жыл қарсаңында адамдар өтіп бара жатқан 2023 жылмен қоштасуға және жаңа 2024 жылды әлемнің түкпір-түкпіріндегі достарымен бірге қарсы алуға жиналады.
Айта кетейік, биыл Алматыда туристер санының айтарлықтай өсуі байқалды. 2023 жылдың тоғыз айында қала 409,4 мыңнан астам шетелдік туристерді қабылдады, оның ішінде 47,6 мың турист Қытайдан келген.
10-қарашадан бастап Қазақстан және Қытай арасында жеке, туристік, емдік мақсатта, сондай-ақ Халықаралық тасымалдар, іскерлік сапарлар мен транзит үшін елге баруды жеңілдететін өзара визасыз режим күшіне енді.
Кеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды