19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Алматы қаласы бойынша 2023 жылғы жүргізілген мониторинг негізінде тереңдетілген профилактикалық тексерулердің нәтижелері бойынша 18 890 оқушыда патология анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, медициналық тексеруден 159354 оқушы өтуі тиіс болған. Оның ішінде 101805 оқушы қаралып, 63,8% құрады (2022 жылы - 91,4% құраған).
Қаралған оқушылардың ішінде 18 890 оқушыда патология анықталса, ал 2022 жылы 26 892 оқушыда тіркелген еді. Бұл 19,6% құраған. Медициналық тексерудің нәтижелері бойынша 1261 оқушыда ең көп анықталған аурулардың бірі - сколиоз ауруы анықталып отыр. Бұл 6,5% құрады (2022 жылы - 2440 оқушыда анықталған, бұл - 1,7% құраған).
Осы мәліметке сүйене отырып, мектеп жасындағы балаларда сколиоз ауруының көптеп кездесуіне бірнеше себеп бар. Балалар ересектерге қарағанда партада және үстел басында көбірек уақыт өткізеді: бірнеше сағат сабақта, содан кейін сабақтан тыс жұмыстарда, сондай-ақ үй тапсырмасын орындау кезінде ұзақ уақыт отырады. Ұзақ уақыт бойы қимылсыз күйде отыру жалпы денсаулыққа, омыртқаның бұлшық еттері мен сүйектерінің дұрыс дамуына зиян келтіреді, соның салдарынан арқа бүгіліп, дене қалпы бұзылады, деді Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары.
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары