Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыАлматыдағы зират маңынан қару-жарақ табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ департаменті №72 мекемесі жедел бөлімінің ақпараты бойынша Алматы қаласы полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасымен бірлесіп өткізілген жедел-іздестіру іс-шарасының нәтижесінде Кеңсай зиратының маңынан ИЖ және ТОЗ екі тегіс ұңғылы мылтық, Урал бір мылтық және патрондар табылды.
Сондай-ақ аталған мекеме жедел қызметкерлерінің ақпараты бойынша Түрксіб ауданына қарасты аймақтан да тегіс ұңғылы бір мылтық пен патрондар табылды. Аталған фактілер бойынша Медеу және Түрксіб аудандық полиция басқармаларынан жедел-тергеу тобы шақырылып, тіркелген факт бойынша Қылмыстық кодекстің 287-бабы, 1-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды, – деп хабарлайды Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары ҚАЖД баспасөз қызметі.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді