Кеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түсБұл туралы Сәтбаев Университетінде Wisconsin-Madison университетінің делегациясы, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы АҚШ Елшілігінің өкілдері, Алматыдағы АҚШ консулдығының және Халықаралық білім беру жөніндегі америкалық кеңестің өкілдерімен өткен кездесу кезінде белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, кездесу барысында екі жақ тараптар екі университет арасындағы ынтымақтастық қарым-қатынасты білім және ғылым саласында компьютерлік ғылымдар, экология және тіл салалары бойынша талқылады.
Ынтымақтастық қарым-қатынасымыз студенттер үшін, әріптестер мен екі ел үшін жаңа мүмкіндіктер ашатынына сенімдімін, - деді кездесуде Сәтбаев Университетінің ректоры Мейрам Бегентаев.
Елшіліктің мәдениет жөніндегі қызметкері Колин Гард пен Консулдықтың қоғаммен байланыс жөніндегі қызметкерінің көмекшісі Чад Киннирден басқа, кездесуге университеттердің American Councils for International Education серіктестік бағдарламасының үйлестірушісі Мақсат Қошқарбаев қатысып, Сәтбаев Университетінің American Councils жобаларына қатысатыны туралы айтып берді.
Университеттер кездесуі – таңдаулы қазақстандық және американдық университеттер арасында тығыз ынтымақтастық байланысты ұйымдастыруға бағытталған American Councils for International Education ауқымды бағдарламасының бір бөлігі болып табылады. Бағдарлама аясында American Councils қазақстандық университеттерге жоғары білім менеджменті саласында білім береді және екі елдің университеттері арасындағы серіктестікке қолдау көрсетеді.
Wisconsin-Madison университеті – АҚШ-тың Мэдисон қаласында орналасқан мемлекеттік зерттеу университеті. Университеттердің халықаралық QS рейтингінде ол 102-ші, ал Times Higher Education рейтінгінде 63-орында тұр.
Кеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды