1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін бердіЭнергетика министрі А. Сәтқалиев жұмыс сапарымен Алматы қаласына барды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сапар барысында «Алматы электр станциялары» АҚ ЖЭО-2 және «Алматыжылужайэнерго» ЖШС «Орбита» қазандығының жұмыстарымен танысты.
2-ЖЭО-да министр әкімдік, «Самұрық-Энерго» АҚ өкілдерінің қатысуымен жылыту кезеңінен өту жөніндегі үйлестіру штабының кеңесін өткізді.
Алматы қ. ЖЭО-2 өкілдері EPC газға ауыстыру бойынша мердігер анықталғанын, жұмыстар басталғанын хабарлады. Белсенді кезең 2024 жылы басталып, 2026 жылдың соңына дейін аяқталады.
Сондай-ақ, 2-ЖЭО-да № 3 қазандық пен № 1, 2 турбиналарға күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. № 5 қазандықты күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуда. Жалпы, «Алматы электр станциялары» АҚ бойынша жөндеу науқаны ағымдағы жылдың қараша айының соңында аяқталады. Күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа дайындық паспорты алынды.
1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?1 Қазан, 09:45
Алтынға апарар жол: Азиададағы боксшылардың нәтижесіне көңіл тола ма?