Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыӘлеуметтік желіде Satbayev University оқу корпустарыны бірі түтіндеп жатқаны туралы ақпарат шықты, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Кадрлерде студенттер мен қызметкерлердің ғимаратты тастап шығып бара жатқаны анық көрінеді. Алайда, университеттің баспасөз қызметі өкілі өрт шықпағанын айтты.
Бас оқу ғимаратынан түтін шықты. Ғимараттағы жылу желісінен ақау табылып, жөндеу жұмыстары жүргізілген еді. Жөндеушілердің бірі болгарка құралымен жұмыс істеп жатқан сәтте одан шыққан ұшқын шүберек затқа түсіп, ол біртіндеп түтіндеп, иісі шыға бастаған. Содан кейін шүберек өрт сөндіру ережесіне сай өшірілді. Ешқандай өрт болған жоқ, бірақ дабыл нүктесі қағылған соң, сол қабаттағы адамдар сыртқа эвакуацияланды, - деді университет әкімшілігінің өкілі.
Оқиғадан зардап шеккендер жоқ.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді