Бүгiн, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыҚР премьер-министрі Әлихан Смайыловтың өкімімен Алматы қаласындағы хостелде болған өрттің себептерін тексеру және оның салдарын жою жөніндегі Үкіметтік комиссия құрылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оның құрамына мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшылары, сондай-ақ Алматы әкімдігінің өкілдері кірді. Комиссия төрағасы ҚР Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов оқиға орнына шұғыл аттанды.
Үкіметтік комиссия өрт салдарынан болған қайғылы жағдайдың себептерін жан-жақты тексеру жұмыстарына дереу кірісіп, зардап шеккендерге бірінші кезектегі көмек көрсетеді.
Айта кетейік, өртті сөндіру барысында 13 адамның денесі табылды. Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев қаза болған 13 адамның 10-ының жеке басы анықталды. Олардың сегізі – Қазақстан азаматтары, біреуі – Ресей, тағы біреуі Өзбекстан азаматы екен. Хостелдің өртке дейінгі суреттері тарады.
Бүгiн, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыКеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді