Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАлматыда өрт салдарынан 13 адам қаза тапқан хостелде адамдардың тұруына рұқсат берілмеген. Бұл туралы қалалық әкімдік мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл нысанның мақсаты - дүкен. Сонымен қатар құрылыс және санитарлық нормаларға сәйкес жертөлелерде және астыңғы қабаттарда хостел ашуға тыйым салынады. Бұл туралы ӨКҚ брифингінде Алматының қала құрылысын бақылау басқармасының басшысы Бақытжан Наурзбеков мәлімдеді.
Оның айтуынша, Алматыдағы барлық хостелдер қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасында азаматтарды уақытша тұру объектісіне тіркеуге және қайта жабдықтауға міндетті.
Бүгінгі таңда Алматыда 200-ден астам хостел жұмыс істейді. Бізге үйлерді хостелге айналдыра бастады деген мәлімдемелер жиі келіп түседі. Бірақ бұл объектілерді ашқан кезде міндетті түрде жеке кіру тобы және санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің тиісті қорытындысы, сондай-ақ Алматының қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасынан қайта жабдықтауға рұқсат болуы тиіс. Егер мұндай келісімдер болмаса, онда біз прокуратура органдарында тіркелгеннен кейін осындай объектілерге қатысты тексеру жүргіземіз. Әкімшілік шараларды қабылдаймыз және материалдарды сотқа сәйкестендіру үшін немесе осындай объектілерді толығымен жабу мақсатында жібереміз. 2023 жылдың басынан бастап 5-7 заңсыз хостел жөнінде шағымдар келіп түсті. Қазір олар бойынша материалдар сотта, - деді Бақытжан Наурзбеков.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?