Алматыдағы ірі монша кешеніндегі өрт сөндірілді

14 Ақпан, 20:13 684

Алматыдағы ірі монша кешенінде қызыл жалын сөндірілді. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт алаңы 380 шаршы метр аумақты шарпыған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қызыл жалын сағат 19.51-де сөндірілген. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.

Өрт сөндіру жұмыстарын жақын маңда су көздерінің болмауы қиындатты. Жақын маңдағы өрт сөндіру гидранты 1,5 км қашықтықта орналасқан делінген министрлік мәліметінде.

Айта кетейік, «Villar» монша кешені төмен тәуекел дәрежесіне жатқызылып, Алматы қалалық Төтенше жағдайлар есебінде тұр. 

«Азаматтық қорғау туралы» заңның 38-бабының 5-тармағына сәйкес ҚР Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жоспардан тыс тексерулерді қоспағанда, өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау мәніне тәуекел дәрежесі төмен объектілер тексерілмейді.

Еске салсақ, бұған дейін монша кешені өртеніп жатқанын жазған болатынбыз. 

Оқи отырыңыз:

Баян Әжмұхан
Бөлісу: