1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін бердіАлматыдағы Ходжанов көшесінің шығысындағы Экспериментальная көшесінің солтүстігінде орналасқан төрт қабатты әкімшілік ғимарат бұзылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Нысан салынғанда сараптама жасалмаған, сонымен қатар бекітілген бас жоспардан ауытқулар тіркелген.
Қалалық әкімдік мәліметінше, сот талапты алғаш рет Бостандық аудандық сотына 2020 жылдың 6 наурызында жіберді.
Сот шешімімен талап арыз қанағаттандырылды, алайда 3 жылдан астам уақыт бойы апелляциялық шағымдар мен істің жаңа жағдайларына байланысты сот талқылауы жалғасты. 2021 жылғы 13 мамырда мемлекеттік сот орындаушысы меншік иесіне сот шешімінің ерікті түрде орындалуы туралы хабарлама жіберді, алайда меншік иесі жер учаскесін сатты, осыған байланысты шешім орындалмай қайтарылды, - делінген мәліметте.
Алматы қаласы қала құрылысын бақылау басқармасы жер учаскесін сатып-алу шартын жарамсыз деп тану туралы талап арыз беруге бастамашылық жасады. 2022 жылғы 27 қаңтардағы сот шешімімен мәміле жарамсыз деп танылды, Алматы қалалық сотының 2022 жылғы 27 сәуірдегі қаулысымен шешім өзгеріссіз қалды.
Бұзу күні тағайындалғаннан кейін сот орындаушысының әрекеттеріне шағым жасалды және үшінші тұлға бұзу туралы шешімге Алматы қалалық сотына апелляциялық шағым берді.
Алматы қалалық сотының қаулысымен апелляциялық шағым қанағаттандырусыз қалдырылды, бірақ кейін ол Жоғарғы сотта қаралды. Жоғарғы соттың қаулысымен кассациялық шағымды қараудан бас тартылды, содан кейін сот орындаушысы бұзу күнін белгіледі.
1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?1 Қазан, 09:45
Алтынға апарар жол: Азиададағы боксшылардың нәтижесіне көңіл тола ма?