18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?Алматыда Ұлттық қауіпсіздік комитеті екі есірткі зертханасы мен химиялық прекурсорлардың ірі қоймасын жойды. Бұл туралы комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Арнайы операция 12-14 шілдеде өтті. Нәтижесінде 10 келіден аса «мефедрон» синтетикалық есірткі, 15 тоннаға жуық прекурсорлар, сонымен қатар 4-5 есірткі зертханасын іске қосуға мүмкіндік беретін арнайы құралдар тәркіленді.
Оқи отырыңыз:
Есірткі әзірлеу үстінде республикамыздың 4 азаматы ұсталып, оларға қатысты сот санкциясымен қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Бұл фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, - делінген мәліметте.
ҰҚК мәліметінше, жыл басынан бері 24 есірткі зертханасы, 20 халықаралық және 23 аймақтық есірткі арналары жойылып, 780 келі синтетикалық есірткі мен 68 тоннадан аса прекурсорлар тәркіленді.
Есірткі және психотроптық заттар мен олардың аналогтарының заңсыз айналымына, сатылуына, сақталуына, әзірленуіне, өсірілуіне, өңделуіне және сатып алынуына қатысы бар қылмыстар заң талаптарына сай 3 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады, - деп еске салды комитеттегілер.
18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр