8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?
Алматыда 3 жаңа метро станциясы салынады, – деп хабарлайды El.kz порталы ҚазАқпартқа сілтеме жасап.
Бұл туралы шаһар басшысы Алматы қаласын дамытудың 2025 жылға дейінгі жоспарын талқылау барысында айтты.
Жобаны талқылауға қаланың қоғамдық кеңес мүшелері, мәслихат депутаттары мен сарапшылар қауымдастығы өкілдері қатысты.
– Біз агломерациядан келіп, негізгі қақпалардан кіретін трафикті жеңілдетуге бағытталған 4 көлік-ауысып отыру хабын ұйымдастырамыз. Батыс бағытта 3 жаңа метро станциясы салынады. Алматы метросын одан әрі дамыту аясында солтүстік бағытта Алматы-1 теміржол вокзалына дейін метроны дамыту бойынша ұсыныстар дайындалады,– деді Ерболат Досаев.
Сонымен қатар, ол биыл қазан айына дейін Төле би көшесінде LRT – жеңіл рельсті көлік құралын дамыту жөнінде шешім қабылданғанын жеткізді.
– Сондай-ақ велокөлікті белсенді қолдауға ниеттіміз, сондықтан жыл сайынғы қаржыландыру негізінде келесі жылдан бастап веложолдардың ұзындығын 2025 жылы 60 км-ге дейін және жыл сайынғы қаржыландырумен 2030 жылы 125 км-ге дейін, яғни 2 есе ұлғайтамыз, – деді әкім.
8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін