29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыАлматыда асфальттың жаңа түрі сынақтан өткізіліп жатыр. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды El.kz.
Әкімдіктің мәліметінше, полимерлі битум негізіндегі асфальтбетонды қоспаны алматылық жол жөндеушілер қолданысқа енгізіп көрді. Пилоттық жоба аясында жаңа қоспамен Гоголь көшесінің автобус жолағының солтүстік жағындағы үш учаскесі жөнделді. Мамандар бұл аумақты жыл бойы бақылап отырады.
– Сынамалар алынып, жабынның жай-күйіне мониторинг жүргізіледі. Бұл тәжірибе барысымен қала әкімі Ерболат Досаев танысты. Жаңа материал әлдеқайда берік және жолдарда ойықтар мен жарықтардың пайда болуына жол бермейді деп есептеліп отыр, – делінген хабарламада.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек