29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыАлматының Алмалы ауданында 500 адамға арналған емхана салынады. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев тұрғындармен кездесу кезінде айтты, – деп хабарлайды El.kz порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Оның айтуынша, Алмалы ауданы денсаулық сақтаудың сапалы жүйесінің орталығы болғандықтан, мұндағы емханаға қаланың және облыстың басқа аудандарының тұрғындары тіркелуге ұмтылады.
– 443 мың адам тұратын ауданда жақын маңдағы Бостандық, Жетісу және Түрксіб аудандарының тұрғындарының тіркелуіне байланысты ауданның 18 емханасы 2 есеге артық пациенттерге қызмет көрсетуде. Сондықтан бұл мәселені шешу үшін бүгінде 1947 жылы салынған ескі ғимаратты бұзып, ревматология орталығының орнында 500 келушіге арналған жаңа емхана құрылысының жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп жатыр. Оған қаражат бөлінді, - деді Алматы әкімі Ерболат Досаев.
Құрылысты 2024 жылы бастау жоспарланып отыр. Сондай-ақ, Райымбек даңғылы бойында психикалық дамуы тежелген балаларға арналған бассейні бар спорт орталығын салуға ЖСҚ әзірлеу жоспарлануда.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек