7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Алматы қаласында 17-20 қаңтар аралығында 40 см қар жауды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
21 қаңтарда күндізгі уақытта көшелер мен жолайырықтардағы тоннельден 26 қар тиегіш пен 66 өзі түсіргіш жүк көлігімен жаппай қар шығару жалғасып отыр. Сағат 12:00-дегі жағдай бойынша 37,5 мың м3 қар шығарылды, бұл 3750 рейс өзі түсіргіш жүк көлігімен тең.
Айта кетерлігі, қар негізінен көшеде көлік және жол жиегіне қойылған машина аз кезде - түнде шығарылып жатыр, бұл уақытта 40 қар тиегіш пен 80-нен астам өзі түсіргіш жүк көлігі жұмылдырылды. Соңғы қар жауғаннан басынан бастап 2371 тонна көктайғаққа қарсы материалдар қолданылды.
Күндізгі уақытта 487 бірлік арнайы техника мен 1125 жұмысшы жұмылдырылды. 194 шағын көлемді техникамен тротуарлар мен қоғамдық орындар қолмен күреліп, тазартылып жатыр.
Қоғамдық көлік аялдамалары мен жер үсті өткелдері де қолмен тазартылды. Аудан әкімдіктерінде жұмысты бақылау үшін 24 сағаттық кезекшілік ұйымдастырылды.
Қазгидрометтің болжамынша, 22 қаңтарда жауын-шашын болмайды. Түнде ауа температурасы -14...-16, күн -3...-5 градус.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?