30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыАлматыдағы Райымбек даңғылында №7 қалалық клиникалық аурухананың алдында үш жігіт жолды кесіп өткен. Екеуі үлгергенімен, үшіншісін BMW 5 көлігінің жүргізушісі қағып кетті. Ол дәрігерлер келгенше оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Куәгерлердің айтуынша, бесінші сериялы BMW көлігі Ташкент тасжолымен батысқа қарай Алматы облысына қатты жылдамдықпен кетіп бара жатқан.
Осы кезде жолдан үш жас жігіт өткен. Жүргізуші мұны бірден байқамай, біреуін соғып кеткен. Осы кезде 17 жастағы жасөспірім бірнеше ондаған метрге ұшып түскен. Ол алған жарақаттарынан сол жерде қаза тапты.
Көлік жүргізушісі бірден тоқтай алмаған, ол жасөспірімді соққан дейін шамамен 50 метр қашықтықта тежегішті басқан, ал оның жоғары жылдамдықпен кетіп бара жатқанын асфальттағы дөңгелектің ізінен көруге болады.
Қазір оқиға орнында жол-патрульдік полиция қызметкерлері жұмыс істеп, барлық мән-жайды анықтап жатыр.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды