Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік25 шілдеде Алматы облысы Сорбұлақ су қоймасы маңында Қазақстан Қарулы күштері Әуе қорғанысы күштеріне тиесілі EC-145 үлгісіндегі тікұшақ радардан жоғалып кеткен еді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Оқиға орын алған алғашқы сағаттардан бастап Қорғаныс министрлігінің басшылығымен тәулік бойы барлық қажетті күштер мен құралдарды жұмылдыра отырып, іздестіру-құтқару операциясы жүргізілуде.
Қорғаныс министрлігі, ТЖМ, ІІМ және басқа да ведомстволардың бірлескен жұмысы аясында, «Қазақстан Ғарыш Сапары» акционерлік қоғамының қолдауымен спутниктік деректерді пайдалана отырып, математикалық есептеулер жүргізілді. Бұл тікұшақтың ықтимал орналасқан аумағын анықтауға мүмкіндік берді.
Аталған ауданға жедел түрде іздеу топтары мен арнайы техника жөнелтілді. Су астындағы жұмыстар барысында ҚР Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері шамамен 14 метр тереңдікте әуе кемесінің ішінара сынықтары мен бір адамның мәйітін анықтады. Қазіргі уақытта сәйкестендіру процедурасы жүргізілуде, - делінген Қорғаныс министрлігінің ақпаратында.
Іздеу жұмыстары су астындағы көрінудің нашарлығы мен лайлы тұнбалардың болуына байланысты күрделене түсуде, бұл сүңгуірлер мен инженерлік бөлімшелердің жұмысын айтарлықтай баяулатады. Қиын жағдайға қарамастан, жұмылдырылған барлық күштер операцияны мүмкіндігінше тез аяқтау үшін үйлесімді әрі мақсатты түрде әрекет етуде.
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер