Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАлматы ТЖД басшысы Нұрлан Атығаев қалада жер сілкінісі кезінде дабыл неге қосылмағанын түсіндірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әдетте ауа райының қолайсыздығы кезінде смс-хабарламалар міндетті түрде жіберіледі, ал жер сілкінісі кезінде ешбір хабарлама келмеген, тіпті тұрғындар қайда бару керектігін, үйлеріне қашан кіруге болатынын түсіне алмай дал болған.
ТЖД басшысы бұған байланыс операторларын кінәлап отыр.
Жедел хабарламаны жіберу кезінде хабарламалар қала тұрғындарына кеш жететінінін тәжірибе көрсетті, себебі халықтың тығыздығынан операторлар ақпаратты өңдеп үлгермейді. Тиісінше мұндай ақпарат кеш жетеді. Сондықтан біз мұндай тәжірибеден бас тартып келеміз. БАҚ-та жер сілкінісі туралы мәлімет 00:11-де пайда болды. Әлеуметтік желіде зілзала туралы хабарланғанда, біз қосымша ақпарат беріп, тұрғындарды асып-саспауға шақырып жатыр едік.
Дабылға келсек, қалада 843 электродабыл бар, бұл 100 пайыз қамтамасыз етуге жетеді. Дабылдар жер сілкінісінің магнитудасы 5,5 балдан асқан кезде ғана іске қосылады. Ал бізде 4-5 балға дейін болды. Сол үшін дабылдарды қосудың қажеті болған жоқ. Біз дүрбелең туғызғымыз келген жоқ, - деді ТЖД басшысы.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?