Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыАлматы қаласында Медициналық-фармацевтикалық бақылау департаментінің қызметкері жеке клиникалардың бірін заңсыз тексерген. Бұл туралы Медеу аудандық прокуратурасына медицина мекемесінің басшысы хабарласып айтқан, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Департаментке медициналық орталықтың әрекетіне қатысты өтініш келіп түскен. Оның негізінде бақылау органының қызметкері кәсіпкерлік субъектісін тіркеп, тексеру жүргізген. Алайда прокуратура өтініш білдірген азаматтың заңды атауы ұқсас мүлде басқа медициналық ұйымның әрекетіне шағымданғанын анықтаған. Осыған қарамастан медициналық орталық заңсыз тексеруден өткен.
Мемлекеттік органның әрекетінің заңсыздығын ескере отырып, тексеру актісі мен нәтижелері жойылды. Сонымен бірге жеке кәсіпкерлік субъектілеріне тексеру жүргізу тәртібін бұзғаны үшін кінәлі лауазымды тұлға Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 175-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды,-делінген қалалық прокуратура мәліметінде.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді