29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыАлматыда жаяу жүргіншілер өткелінде әйелді көлік қағып кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әлеуметтік желілерде оңтүстік астанадағы Жароков пен Сәтбаев көшелері қиылысындағы жаяу жүргіншілер өткелінде екі көлік соқтығысып, бір адамды қағып кеткені түсірілген видео пайда болды.
Алматы полициясы жол апатының 29 қарашада сағат 08:30-да Алматының Бостандық ауданында болғанын хабарлады.
Hyundai Creta және Mercedes көліктері Сәтбаев көшесімен шығыс бағытта келе жатып, Жароков көшесіне қарай, солға бұрылатын сәтте Hyundai Mercedes-ті артынан соғады. Ал Mercedes инерциямен жаяу жүргіншіні – 1954 жылы туған әйелді қаққан. Ол ауруханалардың біріне жеткізілген - деп хабарлады полиция өкілдері.
Аталған оқиға бойынша Бостандық ауданы әкімдігінің қызметкерлері тергеу жүргізіп жатыр.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек