Бүгiн, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түсАлматыда жас қыз жоғары қабаттан құлап, мерт болды. Полиция суицид бабымен тергеуді бастады. Бұл туралы Қазақпаратқа сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оқиға орнына фото мен видео әлеуметтік желіде тарады. Онда марқұмның «Гауһартас» тұрғын үй кешенінің жоғары қабатынан секіріп кеткені айтылады. Видеода етпетінен жерде жатқан қызды көруге болады.
Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған ақпаратты растады.
Бұл іс бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабымен («Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу») сотқа дейінгі тергеуді бастады. Оқиғаның басқа да мән-жайы анықталып жатыр, – деді Алматы қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Бүгiн, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды