Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікАлматыда полиция қызметкерлері зейнеткерге қатысты жасалған алаяқтық дерегін ашты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Анықталған дерек бойынша 1986 жылы туған күдікті жәбірленушімен бұрыннан таныс болған және оның сеніміне кіріп, қулығын іске асырған. Ол шынайы ақша орнына сыртқы көрінісі шынайы банкноттарға ұқсайтын сувенирлік купюраларды бергені белгілі болды. Полиция қызметкерлерінің жедел әрекеттерінің арқасында күдікті анықталып, ұсталды. Қазіргі уақытта оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Алаяқтық, әсіресе егде жастағы адамдарға қатысты жасалса — бұл өте ауыр қылмыс. Қызметкерлеріміз жедел әрекет етті, күдікті қолға түсті. Осы жағдайға байланысты азаматтарды, әсіресе зейнеткерлерді, барынша сақ болуға шақырамын. Таныс көрінген адамдарға да сене бермеңіздер, ақпаратты міндетті түрде тексеріңіздер және полициядан көмек сұраудан тартынбаңыздар, - деді, Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Данияр Меңдебаев.
Бұл ретте Полиция бейтаныс адамдарға ақша немесе бағалы заттар бермеуді, кепілді келісімдер мен қаржылық ұсыныстарға сенбеуді ескертеді. Егер сізде немесе жақындарыңызда күдік туса, бірден полицияға жүгіну аса маңызды.
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер