1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін бердіАлматыда полиция департаментінің мамандары Қазақстанда заңсыз жұмыс істеген 54 шетелдікті ұстады, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі
Полицейлер заңсыз жүрген шетелдіктерді қаладағы хостелдерден тапқан.
ҚР көші-қон заңнамасын сақтау бойынша рейдтер құқық бұзушылықтың алдын алуға және заңсыз көші-қон арналарын анықтауға бағытталған. Бір аптада басқа елдердің 50 азаматы және көршілес елдердің 165 азаматы әкімшілік жауапқа тартылды. 104 шетел азаматы құжаттарының болмауына байланысты қабылдап-тарату орындарына орналастырылды. Тағы 22 шетел азаматы Қазақстан Республикасынан шығарылды. Сонымен қатар 54 жеке және заңды тұлға, оның ішінде Нигерияның 12 азаматын, Бразилияның 2 азаматын заңсыз жұмысқа тартқан фирма басшылығы әкімшілік жауапқа тартылды, - деді Алматы қаласы ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.
Департаменттің мәліметінше, рейдтік іс-шаралардың мақсаты – қоғамдық тәртіпті сақтау, Қазақстан Республикасында болу ережелерін бұзу деректерін және шетелдіктерді заңсыз жұмысқа орналастыру деректерін анықтау, сондай-ақ шетел азаматтары тарапынан қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу болып отыр.
1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?1 Қазан, 09:45
Алтынға апарар жол: Азиададағы боксшылардың нәтижесіне көңіл тола ма?