7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?
Алматы қаласында студентерге жатақхана тапшы болса, өзге өңірлерде бос тұр. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты, деп хабарлайды El.kz.
«Алматыда студенттерге 19 000-20 000 төсек орны жетіспейді. Себебі қаладағы 35 жоғары оқу орнында 30% алматылықтар оқыса, қалған 70%-ы басқа жерлерден келген білім алушылар. Ал өзге өңірлерде 14 000 орын бос қалып отыр. Бұл негізінен үлкен қалалардың мәселесі. Сондықтан Алматыда жедел штаб құрылды. Кез келген студент далада қалып қалған жағдайда жедел штабқа хабарласып, көмекке жүгіне алады», - деді министр.
Саясат Нұрбек жоғары оқу орнына шамадан тыс студенттерді қабылдаған университеттерге білім беруге рұқсат етілмейтінін де ескертті.
«Барлық ЖОО-ға қойылатын талап бірдей. Оқуға 1000 адамды қабылдап, тек 100 жатақхана орнымен қамтамасыз ету – ол үлкен мәселе. Талапты орындамаған оқу орындарына білім қызметтерін көрсетуге рұқсат берілмейді», - деді ол.
Сондай-ақ Саясат Нұрбек студенттерді 2029 жылға дейін 100% жатақханамен қамтимыз деп отыр.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?