23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді1-2 шілде аралығында Алматы қаласындағы орталық стадионда жеңіл атлетикадан XXXII Ғұсман Қосанов мемориалы өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Турнир халықаралық жеңіл атлетика федерациясының құрлықтағы турының күнтізбесіне кіреді, әрі қола санатына жатады. Демек биылғы әлем чемпионаты мен 2024 жылғы Париж Олимпиадасына іріктеу кезеңінің бірі деген сөз.
Бәсекеге Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Әзербайжан, Түрікменстан, Иран, Қытай, Жапония, Таиланд, Грузия, Үндістан және Қазақстан сынды 12 елден 222 спортшы қатысады. Жалпы жүлде қоры – 25 000 АҚШ доллары.
Сайыс бағдарламасына келесі спорт түрлері кіреді:
- 100, 200, 400, 800, 1500 және 5000 метрге жүгіру;
- 100, 110 және 400 метрге кедергілерді еңсере жүгіру;
- үш қарғып секіру, ұзындыққа секіру, биіктікке секіру және сырықпен секіру;
- диск, найза, шарбалға лақтыру және ядро лақтыру;
- 4*100 және 4*400 метрге эстафета жарысы.
Сондай-ақ халықаралық турнир аясында балалар арасында 100 метрге жүгіру және 4*100 метрге эстафета өтеді. Бұл сайыс 1960 жылы өткен олимпия ойындарында 100 метр эстафета жарысында жүлде алған тұңғыш қазақ спортшысы, аты аңызға айналған атлет Ғұсман Қосановты еске алу бағдарламасы ретінде енгізілген.
Айта кетейік, 1 шілде сағат 19:00-де (Алматы уақытымен) орталық стадионда Ғұсман Қосановтың 32-мемориалының ашылуы болады. Стадионға кіру және жарысты тамашалау тегін.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады