Бүгiн, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түсАлматыда ұрлық жасаған азаматтар бейнекамералар арқылы қолға түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сатушы базарда сатып алушының бірі 300 мың теңге тұратын алтын бұйымдарын ұрлап кеткендігі туралы полицияға арызданды. Сатып алушының әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Іздестіру шаралары барысында Қарағанды қаласының тұрғыны 39 жастағы Ж.есімді азаматша ұсталды.
Бөтеннің мүлкін ұрлаудың екінші дерегі сауда үйлерінің бірінде орын алған. Онда белгісіз адам кассадан 400 мың теңгені ұрлап кеткен. Бейнежазбада сатушы қыздың ұйықтап кеткені көрінеді. Жас жігіт осы сәтті пайдаланып, кассаны ашып, ақшаны ұрлап кеткен. Осы қылмысты жасады деген күдікпен Алматы облысының тұрғыны, 25 жастағы С.есімді азамат ұсталды, – деді, Жетісу аудандық полиция басқармасының бастығы Жәнібек Шынасылов.
Спикер, сондай-ақ, тергеу барысында ұсталған азаматшаның осыған ұқсас бірнеше ұрлық эпизодтарына қатысы барын атап өтті. Екі айыпталушы да өз қылмыстарын мойындады. Олардың әрекеттері ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сараланады. ҚР ҚК-нің 201 бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77 бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.
Бүгiн, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды