Бүгiн, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыАлматыда «ULY DALA ÚNI» халықаралық вокалдық-хор фестивалі басталды. Аталмыш іс-шара Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында өтіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оған Қазақстан мен Ресейден келген 30-дан астам кәсіби және әуесқой хор ұжымы қатысып жатыр. Үш күндік бағдарламада хор музыкасының концерттері, жетекші сарапшылардың шеберлік сабақтары, дөңгелек үстелдер мен шығармашылық кездесулер ұйымдастырылады.
Арнайы шақырылған мамандар арасында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Б.Байқадамов атындағы академиялық капелланың көркемдік жетекшісі – Бейімбет Демеуов, профессор, Қазақ ұлттық консерваториясының дирижерлік бөлімінің меңгерушісі – Ғалымжан Берекешев, Мәскеу консерваториясының камералық хорының көркемдік жетекшісі, профессор – Александр Соловьев бар.
Фестивальдің мақсаты – өнерпаздардың орындаушылық шеберлік деңгейін көтеру және хор өнерінің Қазақстанның материалдық емес мәдени мұрасының маңызды бөлігі ретіндегі рөлін атап өту.
Фестивальдің негізгі іс-шарасы – 18 сәуірде Е.Рахмадиев атындағы үлкен залда өтетін Гала-концерт. Концертте жетекші академиялық және көркемөнерпаздар ұжымдары, балалар ұжымдары мен танымал ансамбльдер өнер көрсетеді. Бағдарламада қазіргі қазақ хор мектебінің, сондай-ақ әлемдік хор музыкасының классиктері шығармаларының премьералары ұсынылады.
Бүгiн, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыКеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек