Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекТүркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер президенттерінің сыртқы істер жөніндегі көмекшілерінің/кеңесшілерінің бейресми 2-ші кездесуі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Басқосуда қазақ делегациясының басшысы Ержан Қазыхан Қазақстанның Түркі мемлекеттері ұйымындағы төрағалығы барысы туралы баяндап, елімізде жоспарланған бірқатар іс-шараларға, атап айтқанда адам ресурстары, әділет және көлік министрлерінің, сондай-ақ жоғарғы соттардың кездесулеріне тоқталды.
2024 жылғы қыркүйекте Астанада өтетін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына шақыруды қайта растап, тараптардың белсенді қатысатынына үміт артты.
Бұдан бөлек, жасыл экономика, көлік-логистикалық әлеуетті дамыту, сонымен бірге Ұйым Хатшылығын институциализациялау және оның халықаралық сахнадағы беделін арттыру бойынша пікір алмасылды.
Жиын қатысушылары ТМҰ қызметін күшейту мақсатында тұрақты байланыстарды жалғастыру, сондай-ақ биыл Шуша және Бішкекте жоспарланған саммиттердің сапалы пысықтау маңыздылығын атап өтті.
Е.Қазыхан Ұйымның төрағасы К.Омуралиев және Әзербайжан Президентінің сыртқы саясат мәселелері жөніндегі көмекшісі Х.Гаджиевпен кездесіп, екіжақты және көпжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді, көлік-логистиалық бағыттарды дамыту және өзара сауда-экономикалық әрекеттесу жолдарын талқылады.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?