Бүгiн, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіАлматыда төрт азаматтан травматикалық тапанша мен оқ-дәрілер тәркіленді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Полиция департаментінің мәліметінше, Назарбаев даңғылы мен Сәтбаев көшесінің қиылысында полиция қызметкерлері БМВ көлігін тоқтатқан.
Салонда төрт ер адам болған, олардың іс-әрекеті тәртіп сақшыларына күдікті болып көрінген.
Мұндай алаңдаушылық негізсіз болған жоқ. Көлік құралын тексеру барысында багаж бөлімінен 2 травматикалық тапанша мен оларға арналған оқтар табылды және тәркіленді. Осы уақытта күдіктілердің бірінен тағы бір травматикалық тапанша, оқтар мен пышақ табылып, тәркіленді. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 287-бабы 2-бөлігіне (Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) сәйкес қылмыстық іс тіркеліп, тергелі жатыр. Қарудың кімге тиесілі екендігі сотқа дейінгі тергеу барысында анықталатын болады, – деді Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков.
Фото: polisia.kz
Бүгiн, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады