1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін бердіАлматыда шетел азаматын әуежайдан Марков көшесіне дейін 400 еуроға жеткізген такси жүргізушісі жазаланды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
3 мамыр күні Алматы әуежайындағы желілік полиция бөлімінің кезекші бөліміне 30 жастағы Ресей Федерациясының азаматы арызданған.
Ол әуежайдан Марков көшесіне дейін 400 еуроға (шамамен 200 мың теңге) жеткізген такси жүргізушісіне шара қолдануды сұрады.
Жедел-іздестіру шарасы барысында арызданушыны діттеген жеріне жеткізген «Мерседес-Бенц» көлігінің иесі 27 жастағы Алматы облысының тұрғыны ұсталды. Жауап алу кезінде ер адам өз кінәсін мойындап, азамат Кулаковқа ақшаны толығымен қайтарып берді, - деп хабарлады көліктегі полиция департаментінен.
Аталған факті бойынша құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
15 мамыр күні Алматы мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен оған 21 150 теңге айыппұл салынды.
Өз кезегінде азамат Кулаков көлік полициясы қызметкерлеріне алғысын айтты.
1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?1 Қазан, 09:45
Алтынға апарар жол: Азиададағы боксшылардың нәтижесіне көңіл тола ма?