Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрАлматы қаласында Төтенше жағдайлар және дүлей зілзалалар қаупін азайту орталығының базасында «Су тасқыны мен су басудың алдын алу: салдарын болжау және азайту шаралары» тақырыбында халықаралық басқосу өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Іс-шараны Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайлардың алдын алу комитеті ұйымдастырған. Дөңгелек үстел су тасқыны мен су басудың салдарын болжауға, алдын алуға және жоюға байланысты өзекті мәселелерді талқылауға арналған алаңға айналды.
Іс-шараға 100-ге жуық маман, оның ішінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының өкілдері, ғылыми институттардың, халықаралық ұйымдардың жетекші ғалымдары мен сарапшылары, АҚШ, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстанның шетелдік мамандары қатысқан.
Талқылаудың негізгі тақырыптары Орталық Азия өңіріндегі су тасқыны мен су басудың ағымдағы тәуекелдерін талдау, болжау мен ерте ескертудің заманауи технологиялары, дүлей зілзалалардың тәуекелдерін төмендетуге арналған инфрақұрылымдық жобалар, табиғи апаттарға төзімділікті нығайтудағы халықаралық ынтымақтастықтың рөлі болды.
Бүгінгі дөңгелек үстел тәжірибе алмасудың, апаттарға жауап беру қабілетін айтарлықтай арттыратын заманауи технологиялар мен әдістерді талқылаудың маңызды платформасына айналды. Біз мониторинг жүйесін күшейтуге, инновациялық шешімдерді енгізуге және тәуекелдерді тиімді азайту және халықты қорғау үшін халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға ұмтыламыз. Біздің өңірлеріміздің табиғи апаттардан қауіпсіздігі мен орнықтылығын тек бірлескен күш - жігермен ғана қамтамасыз етуге болады, - деді ТЖМ Төтенше жағдайлардың алдын алу комитеті төрағасының міндетін атқарушы Әсет Жылқайдаров.
Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша қатысушылар су тасқынының мониторингі мен болжау жүйесін күшейту, халықты ерте ескерту үшін заманауи технологияларды енгізу, қорғаныс бөгендері мен су қоймалары сияқты инфрақұрылымдық жобаларды дамыту, табиғи апаттар қаупін азайту саласындағы өңірлік және халықаралық ынтымақтастықты нығайту секілді бірқатар ұсыныстар әзірлеген.
Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова