Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікТалғар ауданында Алматы облысы әкімінің орынбасары А. Масабаев, облыстық ТЖД бастығы Д. Оразбеков, сондай-ақ аудан әкімдігі өкілдері мен салалық қызметтердің мамандардың қатысуымен су тасқыны мен көшкін қаупі бар учаскелерге тексеру жүргізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Тексерілген учаскелер:
1. Бесағаш және Тұздыбастау ауылдарының шекаралық аймағы:
Алматы – Алатау тас жолындағы құбыр өткелі мен су басу қаупі бар аумақтар тексерілді. Судың өткізу қабілетін арттыру, арнаны тазалау және жағалауды нығайту шаралары талқыланды.
2. Бесағаш ауылындағы көшкін қаупі бар учаске:
«Бурабай» коттедж қалашығындағы қауіпті еңістер қаралды. Қауіпті азайту және еңістерді нығайту бойынша шаралар талқыланды.
3. Талғар қаласындағы сел ұстайтын бөгет:
Гидротехникалық нысанның техникалық жағдайы тексеріліп, 2025 жылға жоспарланған жөндеу жұмыстары қарастырылды.
Тексеру қорытындысы бойынша су тасқыны мен көшкіндердің алдын алу үшін алғашқы кезектегі шаралар айқындалды.
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер