11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керекАлматыда жол жағдайын зерттеу қорытындыларына сәйкес биылғы жоспарға ұзындығы 3,1 шақырымды құрайтын Сатбаев-Жандосов-Байзақов көшелерінің қиылысындағы жолайрық қосылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сәтбаев көшесі мен Байзақов көшесінің қиылысында, 25 тамыз сағат 23-00-ден 26 тамыз сағат 06-00-ге дейін, батыс бағытта Манас көшесіне дейін, Байзақов көшесінің бойымен Құрманғазы көшесінен Жандосов көшесіне дейін жол жабынын орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.
Ал 25 тамыз сағат 23-00 – ден 26 тамыз сағат 6-00-ге дейін Сәтбаев көшесі-Байзақов көшесі бойымен Мүсірепов көшесінен батыс бағытта, Сәтбаев көшесінен Байзақов көшесіне солтүстік бағытта, Жандосов көшесінен Байзақов көшесіне солтүстік бағытта жүру шектеледі, Әуезов көшесі, Абай даңғылы бойымен Манас көшесі, Бұқар Жырау бульвары бойымен айналма жол тиісті схемамен ұйымдастырылады.
Байзақов көшесінен Сәтбаев көшесіне дейінгі съезд бойынша шығыс бағытта көлік қозғалысы жабылатын кезде штаттық режимде жүзеге асырылмақ.
Жол жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 2 патрульдік экипаж қызмет етіп, жылдамдықты 40 км\сағ дейін шектеу туралы белгі қойылған.
Уақытша қолайсыздық жағдайында қала әкімдігі тұрғындар мен қонақтарға баратын бағытты алдын ала жоспарлауды ұсынады.
11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды10 Қыркүйек, 09:01
Швейцарияға барсаңыз, осы қателіктерді жасамаңыз: тәжірибелі гидтен 15 кеңес