19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Мемлекеттік рәміздер күніне орай Алматыда «Батыр» Президенттік полкінің ту көтеру тобының салтанатты рәсімі және гимнді жаппай орындау өтті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Патриоттық іс-шара «Медеу» биік таулы спорт кешенінде өтіп, оған Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев, мәслихат депутаттары, жұртшылық пен жастар ұйымдарының өкілдері қатысты. Іс-шараға барлығы мыңнан астам алматылықтар жиналған.
Мерекелік әнұран бір уақытта орындау қаланың барлық аудандарында сағат 11:00-де басталды. Рәміздер күнін мерекелеу веложарысқа ұласты. Жарысқа 500-ден астам алматылық қатысып, Шевченко көшесінің бойында өтті. Велошабандоздар М.Ганди саябағынан Қонаев көшесіне дейінгі қашықтықты жүріп өтті.
Мерекелік іс-шаралардың соңы ашық аспан астындағы концертке ұласып, қаладағы Абай алаңында қала тұрғындары үшін отандық эстрада жұлдыздарының орындауында әндер тарту етілді.
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары