23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіАлматыда мерекелік концерт 29 тамызда сағат 19:00-де Абай алаңында өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алматы қалалық әкімдік мәліметінше, іс-шараға қазақстандық эстрада жұлдыздары қатысады: «Музарт» және «Жігіттер» тобы, Қайрат Нұртас, Мархаба Сәби, Калифорния, Yenlik, Ильхан Исханов, Жанар Дұғалова, Hey Monro және т.б.
Қонақтар мен қала тұрғындары үшін сахна экрандарында тақырыптық бейнелері бар 13 музыкалық нөмір ұсынылады. Сондай-ақ, 30 тамызда Конституция күніне орай бірқатар спорттық іс-шаралар ұйымдастырылады.
Сонымен қатар, мерекелік іс-шаралар қаланың барлық аудандарында өтеді.
- Әуезов ауданында салтанатты іс-шара 29 тамызда сағат 11:00-де, Family Park демалыс саябағында өтеді
- Наурызбай ауданында эстрада жұлдыздарының қатысуымен Конституция күніне арналған концерт 29 тамызда сағат 11:00-де, Инновациялық шығармашылық орталығында (Шұғыла шағынауданы, 347/4) өтеді
- Алатау ауданында Конституция күніне арналған концерт 29 тамызда сағат 16:00-де Атлетикалық ауыл аумағында өтеді
- Бостандық ауданында Конституция күніне арналған мерекелік концерт 29 тамызда сағат 17:00-де MEGA Alma-Ata СОО амфитеатрында өтеді
- Түрксіб ауданында қазақстандық жұлдыздар мен көркем ансамбльдердің қатысуымен мерекелік бағдарлама 29 тамызда сағат 18:00-де Сейфуллин даңғылы, 13/1 бойынша №6 оқушылар үйінің аумағында өтеді. Аудандық мереке туды салтанатты түрде шығаруды, әнұранды орындауды, 16 жастағы азаматтарға жеке куәліктерді табыстауды, ұтыс ойындары мен конкурстарды, сондай-ақ ашық аспан астында кино көрсетуді қамтиды
- Жетісу ауданында Конституция күніне орай салтанатты концерт 29 тамызда сағат 19:00-де «Гүлдер» саябағында, Серіков көшесі, 2а
- Медеу ауданында Конституция күніне арналған мерекелік концерт 30 тамызда сағат 12:00-де Орталық мәдениет және демалыс саябағында, Гоголь көшесі, 1-де өтеді
- Алмалы ауданында концерт 30 тамызда сағат 17:00-де Сейфуллин даңғылы, 483 мекенжайы бойынша Mega Park СОО аумағында өтеді.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады