Бүгiн, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түсӘ. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде «Қазақстанды монеталар арқылы зертте!» атты көрме өтіп жатыр. Экспозиция ұлттық валюта – теңгенің айналымға енгізілгеніне 30 жыл толуын мерекелеуге орайластырылған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Экспозицияны өткізудегі негізгі мақсат – ҚҰБ-тың жаңа инвестициялық монеталарын, сондай-ақ Қазақстанның коллекциялық және инвестициялық монеталарын шығару саласындағы инновациялық технологияларды таныстыру.
Монета өнімін жасауға кәсіби көзқарас Қазақстанға салыстырмалы түрде қысқа мерзім ішінде әлемдегі ең үздік өндірушілердің қатарына кіруге мүмкіндік берді. Мұны әртүрлі номинация бойынша ұсынылған көптеген марапат растады. Оның ішінде өндіріс сапасы, дизайны, технологияның жаңашылдығы үшін берілген номинацияларды ерекше атап өткен жөн, - деді көрмені ашқан ҚҰБ төрағасының орынбасары Виталий Тутушкин.
Көрмеде ҚҰБ алғаш рет KÓKBÓRI инвестициялық монеталарының ребрендингін таныстырды. Онда «Көшпенділердің ғибадат жануарлары – тотемдері» монеталар сериясының көркемдік тұжырымдамасы қолданылған. Дизайнындағы жаңалық пен көркемдігі KÓKBÓRI монеталарына тек инвестициялық құрал ретінде ғана емес, сонымен қатар оны коллекциялауға, сыйлық ретінде ұсынуға деген қызығушылықты арттырады.
Көрмеге келушілер алтыннан, күмістен, сондай-ақ басқа да бағалы емес металдардан соғылған 150-ден астам түрлі монетамен таныса алады. Оларды әзірлегенде кейінгі жаңа технологиялар қолданылған. Сонымен қатар экспозицияға халықаралық байқауларда үздік деп танылған монеталар қойылды. Салмағы 1 кг болатын, сирек кездесетін монета үлгілері де назарға ұсынылып отыр.К
Көрмеге қойылған экспонаттарда еліміздің қалыптасуы мен дамуының негізгі мәдени, саяси және тарихи кезеңдері бейнеленген, сондай-ақ олар халқымыздың салт-дәстүрін танытады.
Бүгiн, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды