7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?Алматыда Қазақстан халқының бірлігі күні тойланып өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Абай алаңында мыңдаған тұрғын мен қала қонақтарының басын қосқан концерт өтті. Концертте әртүрлі ұлт өкілдері би билеп, ән шырқады. Бұл іс-шараға Алматы әкімі Ерболат Досаев қатысты.
Мерекеге отандық ансамбль мен әншілер ғана емес, сонымен қатар Татарстан, Қырғызстан және Өзбекстаннан өнерпаздар келді. Келушілер қайырымдылық жәрмеңкесінде әртүрлі ұлттың тағамынан дәм татты. Бұдан түскен қаржы су тасқынының салдарын жою мақсатында "Демеу Қазақстан қоры" корпоративтік қорына аударылады.
Мерекелік бағдарлама Maxi Fest қайырымдылық концертімен жалғасты. Сахнада Айқын, Qanay, Ayreе, КешYOU, Ильхан Ықсан, Бекзат Құнанбай, Сиситай, “Азия”тобы, Артур Дәулетияров, Әйгерім Қалаубаева, Ұланғасыр Қами және АLPHA тобы өнер көрсетті.
Мерекелік іс-шаралар қаланың барлық ауданында өткізіліп жатыр.
7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?