20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекМұндай шешім Душанбеде өткен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Достастық армиялары қорғаныс министрлері кеңесі жанындағы Спорт комитеттері басшыларының отырысы барысында қабылданды. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Ұйым құрылған 24 жыл ішінде алғаш рет Алматыда 2024 жылғы тамыз айында қазақтың ұлттық күресінен ТМД-ның алғашқы чемпионатын өткізу туралы келісімге қол жеткізіліп отыр. Бұл бастамаға Мемлекет басшысы – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазақ күресін қазақстандық қоғамда насихаттау және ілгерілету туралы тапсырмасын орындау негіз болды, – деп хабарлады Тәжікстанда өткен отырысқа қатысқан ҚР Қорғаныс министрлігі Спорт комитетінің төрағасы – Орталық спорт клубының бастығы подполковник Арман Әбеуов.
Келіссөздер барысында келесі отырыстың күн тәртібіне Достастықтың қорғаныс министрлері кеңесі жанындағы әскери-қолданбалы спорт түрлерінің, сондай-ақ мәдени спорт түрлерінің тізбесін өзгерту және оған қазақтың ұлттық күресін қосу туралы мәселе енгізілді.
Бұдан бөлек алдағы қараша айында Астанада Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің кубогі үшін армиялық қоян-қолтық ұрыстан ТМД чемпионатын өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?