7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Алматыда «Қайрат» - «Селтик» матчының жанкүйерлеріне тегін автобустар ұйымдастырылатыны белгілі болды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бүгін кешкі сағат 21:45-те Алматыдағы Орталық стадионда УЕФА Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіндегі қарымта матч өтеді. «Қайрат» (Алматы) пен «Селтик» (Глазго) командалары Еуропаның басты клубтық турнирінің топтық кезеңіне жолдама үшін сынға түседі. Бұл кездесуде жеңілген команда Еуропа лигасында өнерін жалғастырады.
21 тамыз күні Глазгоның «Селтик Парк» стадионында өткен алғашқы ойын тең есеппен аяқталған еді. Сол себепті алдағы кездесу шешуші әрі тартысты болады деп болжанып отыр.
Жанкүйерлердің қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету мақсатында ауқымды ұйымдастыру шаралары көзделген. Оның ішінде жанкүйерлер үшін қаланың негізгі нүктелерінен Орталық стадионға дейін және кері қарай тегін автобус маршруттары ұйымдастырылған. Сондай-ақ, ұлттық гвардияны қосқанда 2000-нан астам полиция қызметкерлері жұмылдырылып, жоғары жылдамдықты интернетке қосылу, резервтік электрмен жабдықтау, медициналық кезекшілік, санитарлық инфрақұрылым және экологиялық шаралар қабылданған.
Қоғамдық көліктердің қатынау бағыты:
- Қалқаман ш/а (№7 қалалық аурухана аялдамасы) - Орталық стадион.
- Орбита ш/а (Мұстафин-Торайғыров көшелерінің қиылысы) - Орталық стадион.
- Айнабұлақ ш/а (Мақатаев-Павлодар көшелерінің қиылысы) - Орталық стадион.
- «Халық Арена" аялдамасы (солтүстік бағыт) - Орталық стадион.
- Алматы-1 теміржол вокзалының аялдамасы - Орталық стадион.
- Алматы-2 теміржол вокзалының аялдамасы-Орталық стадион.
- Наурызбай ауданының ХҚКО - Орталық стадион.
- Момышұлы-Мөңке би көшелерінің қиылысы жанындағы аялдама.
Айта кететін жайт, ақысыз қоғамдық көлік бағыттары сағат 18:00-де басталады.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?