Бүгiн, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түсАлматыда қарт адамды ұрып-соғып, оны видеоға түсіріп алған жасөспірімдер қылмыстық жазаға тартылмады. Бұл туралы қалалық сот мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға биыл шілде айында болған. Екі жасөспірімнің бірі қартты қасақана ұрып, екіншісі бейнекамераға түсірген. Жастардың бейәдеп қылығы қоғамда резонанс тудырды. Бұл оқиғаға қатысты сотта ҚР ҚК-нің 293-бабы 2-тармағының 1-тармақшасы («Бұзақылық») бойынша қылмыстық іс қаралды.
Кәмелетке толмағандар қаланың орталық көшелерімен жүріп бара жатып, ұйықтап жатқан мас адамның аяғынан сәл итеріп, оятқан. Ал мас азамат жасөспірімдерді балағаттаған. Жасөспірімдер бұл сөзге ашуланып, жәбірленушінің бетінен бірнеше рет ұрған. Екінші сотталушы болып жатқанның бәрін бейнекамераға түсіріп алған. Ол мазақ етіп, арандатушы рөлін атқарды, - делінген сот хабарламасында.
Халық үнінің хабарлауынша, сарапшының қорытындысы жәбірленушінің денсаулығына жеңіл зиян келген дейді.
Сотталушылар өз кінәсін толық мойындады, істеген ісіне өкініп, жәбірленушіден кешірім сұрады. Кәмелетке толмағандардың ата-аналары жәбірленушіге келтірілген материалдық және моральдық зиянды өтеді, - деді сот.
Ал жәбірленушінің айтуынша, ол жасөспірімдермен татуласқан, оларға ешбір шағымы жоқ. Сол себепті сотталушыларды қылмыстық жауаптылықтан босатуды сұраған. Осыған байланысты сот Қылмыстық кодекстің 68-бабы 1-бөлігі («Татуласуға байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату») негізінде кәмелетке толмаған сотталушыларды қылмыстық жауаптылықтан босатты.
Бүгiн, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды