1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін бердіАлматыда қалыңдығы 20 сантиметрге дейін қалың қар жауады деп күтілуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Дүйсенбі күні - 12 ақпанда сағат 09.00-ден 21.00-ге дейін Алматыда қалыңдығы 20 см-ге дейін қалың қар жауады деп күтілуде, бұл ақпан айындағы орташа айлық жауын-шашынның шамамен 40%- ын құрайды.
Осыған байланысты қаланың коммуналдық қызметтері толық дайындыққа келтірілді. Көше-жол желілерінен қар шығару жұмыстары аяқталды. Қысқы кезеңде барлығы 226 мың м3 қар шығарылды.
12 ақпан күні таңертең күшейтілген арнайы техника қар тазалауға шығады деп жоспарлануда, қарды тазалауға 600 бірлікке дейін техника және 1220 жол жұмысшысы жұмылдырылатын болады.
Көктайғақ құбылыстарының алдын алу мақсатында, қар жауатын негізгі магистральдық көшелерді көктайғаққа қарсы сұйық реагентпен алдын ала өңдеу жоспарлануда. Дислокация орындарында қар жауғанға дейін 172 құм таратқыштың кезекшілігі ұйымдастырылады, көктайғақты болдырмау үшін қала көшелеріне көктайғаққа қарсы материалдар себіледі. Жауған қарды тазарту үшін 15 колонна ұйымдастырылады, олармен бірге жол полициясының патрульдік машиналары еріп жүреді.
Тротуарларды, жалпы пайдаланылатын орындарды, кіреберістерді тазалау үшін әлеуметтік маңызы бар объектілерге 176 шағын көлемді техника бірлігі тартылатын болады.
Аудан әкімдіктерінде қар тазалау жұмыстарының жүргізілуін бақылау бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылады.
1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?1 Қазан, 09:45
Алтынға апарар жол: Азиададағы боксшылардың нәтижесіне көңіл тола ма?