23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіАлматыда екінші қабаттың терезесінен секіріп кеткен қызға қатысты қылмыстық іс тоқтатылған жоқ.
Бұл туралы Алматы қалалық ПД мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алматы қалалық ПД интернетте 2-қабаттың терезесінен секіріп кеткен қыз бойынша, өз-өзіне қол жұмсау дерегіне сәйкес, қылмыстық істің тоқтатылғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын хабарлайды, - делінген мәліметте.
Полиция мәліметінше, тергеу Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша жалғасуда: 105-бабы – «Өзін-өзі өлтіруге итермелеу» және 194-бабы – «Бопсалау».
Айта кетейік, өткен аптада Алматы қаласында 20 жастағы бойжеткен терезеден секіріп кеткені туралы хабарланған болатын. Бірнеше қыз оны қамап қойып, тәнін саудалауға мәжбүрлеген.
Тергеу барысында оқиғаның барлық қатысушылары мен куәгерлері анықталған.
Оқи отырыңыз:
Басты күдікті белгілі болды. Қазір жан-жақтылық, толықтық және объективтілік қағидаттарын қатаң сақтай отырып, қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, - делінген.
Тергеу барысы Алматы қалалық ПД басшылығының бақылауында.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады